2025 жылғы 7–13 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасында еліміздің дарынды оқушылары математика және информатика пәндерінен жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша информатика бағытында: “Білім-инновация” ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының оқушылары Әділжан Бақытжанұлы – күміс жүлде, Абдулла Бексұлтан мен Бақберген Рузақұлов – қола жүлде иегерлері атанды. Математика бағытында: “Білім-инновация” ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты оқушылары Абдулла Базаралы мен Сұлтанбек Аманов және “Білім-инновация” қыз балаларға арналған №2 лицей-интернатының оқушысы Ғайния Рысқұлбек қола медаль жеңіп алды.