Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова мен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев қала аумағында жүргізіліп жатқан білім беру нысандарының құрылыс барысымен танысты.

Жұмысшы топ құрамында партияның аудандық филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары болды. Олар, ең алдымен, №75 мектеп-гимназиясына барып, құрылыс нысанын аралады. Екі қабатты, төрт корпустан тұратын бұл білім ошағында спорт залы, асхана және оқу бөлмелері қарастырылған. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімге сай жүргізілуде.

Бұдан кейін топ мүшелері Тельман шағын ауданында бой көтеріп жатқан 1200 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңына барды. Бұл нысан да қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес салынып жатыр. Жауапты мердігер мекеме өкілдері қажетті материалдардың жеткізіліп, жұмыстың жүйелі түрде жүріп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, жұмысшы топ №26 мектеп-гимназиясындағы құрылыс жұмыстарымен де танысты. Қазіргі таңда ғимараттың терезелері орнатылып, ішкі әрлеу және инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылуда.

Жоспарға сәйкес барлық үш нысан жаңа оқу жылы басталғанға дейін толықтай пайдалануға берілуі тиіс.