Бүгін Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған Азаматтық қоғам институттарымен байланыс, әлеуметтік саланың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Бүгін Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған Азаматтық қоғам институттарымен байланыс, әлеуметтік саланың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Маңызды жиынды комиссия төрағасы Әбдез Рахманұлы Иманқұлов жүргізді.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе – балалардың жазғы демалысы болды.

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова аталған мәселе бойынша баяндама жасап, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатындағы жобалар мен жоспарлар туралы мәлімет берді.

Баяндамасында балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар қамтылды. Жазғы лагерьлерді ұйымдастыру, спорттық және шығармашылық үйірмелердің жұмысы, сондай-ақ, балаларды бос уақытында қауіпсіз ортада қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қоғамдық кеңес мүшелері басқарма басшысының жобаларын қолдап, әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Жиын соңында Әбдез Рахманұлы Иманқұлов білім басқармасының жұмысына сәттілік тілеп, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда қоғам тарапынан қолдаудың маңызды екенін атап өтті.

https://www.facebook.com/share/r/16XrG6uEMJ/