МЕРЕКЕ МЕЗЕТТЕРІ

МЕРЕКЕ МЕЗЕТТЕРІ

 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай №2 Оқушылар сарайында салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған бұл шарада өнерпаз оқушылар мен ұстаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бағдарлама барысында патриоттық әндер шырқалып, әсерлі көріністер мен би қойылымдары ұсынылды. Әрбір өнерпаз елге, жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті паш етіп, Отан қорғаушыларға деген алғыс сезімін жеткізді.

Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар бір-бірін мерекемен құттықтап, ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің қадірін тағы бір мәрте сезінді.