«ДУБЛЕР КҮНІ» СӘТТІ ӨТТІ

«ДУБЛЕР КҮНІ» СӘТТІ ӨТТІ

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК «MANSAP» орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы, Әль-Фараби ауданы, А.Байтұрсынов көшесі 86 «Б» мекен жайы бойынша орналасқан «Expert Group-M» ЖШС-менен бірлесіп «Дублер күні» жобасын іске асырды. Жоба аясында «Expert Group-M» ЖШС колледж студенттеріне құрылыс саласындағы «Инженер жобалаушы» қызметімен таныстырды.

Студенттер тәжірибелік тұрғыда өз білім деңгейлерін бағалап көрді. Сонымен қатар, кәсіби мамандардың жетекшілігімен нақты жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл шара студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге, заманауи құрылыс технологиялары мен инженерлік шешімдер туралы тереңірек түсінуге септігін тигізді.

«Дублер күні» жобасын аясында студенттеріміз болашақта құрылыс саласында өздерінің кәсіби жолдарын қалай құру қажеттігі туралы кеңес алып, ынталандыру шараларымен аяқталды.

https://www.facebook.com/share/r/1BZF2DSaF2/