Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның 11 «А» сынып оқушысы Абылайхан Жүнісбеков халықаралық білім кеңістігінде үлкен жетістікке қол жеткізді.
Ол АҚШ-тың 37, Түркияның 5, Біріккен Араб Әмірліктерінің 4, Германия, Австрия, Польша және Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарынан шақырту алды.
Атап айтқанда, оған Mount Union, Duquence, Siena, New Haven, Lewis, Caldwell, Wilkes, Washington and Jefferson, Wilson, Elmhurst, Ohio Northern, Canisius, Ohio Wesleyan, Neumann, Thomas, Clarkson, Suffolk, DePaul, Roanoke, Hawaii Pacific, Mercyhurst, Evansville, Loyola, Beloit, Temple, Le Moyne, Lynn, Drake, Albion, CSB+SJU, St. Lawrence, Drexel, Florida Southern сынды АҚШ университеттері мен Түркиядағы Kadir Has, Ozyegin, Antalya Bilim, Den, Bahcesehir университеттері, БАӘ-дегі Middlesex, Murdoch, Wollongong, De Monfort университеттері, Германиядағы Constructor University, Австриядағы Webster Vienna, Польшадағы Vistula University және еліміздегі Назарбаев Университеті сынды беделді білім ордалары жолдама жіберді.
Бұл оқу орындарының барлығы халықаралық рейтингте жоғары орындарға ие, білім сапасы мен бағдарламалары — заманауи талаптарға сай. Абылайханға ұсынылған стипендия көлемі жалпы 4 000 000 АҚШ долларынан асады. Бұл — оның тынымсыз ізденісінің, талпынысы мен қажырлы еңбегінің жемісі.