29.04.2025 жылы “Түркістан” сарайында Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай, Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен, білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау іс-шарасы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын, Абай шығармаларын дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оның мәртебесін арттыру, жастар арасында ұлы ақынның шығармаларына деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Салтанатты марапаттау іс-шарасына әкімінің орынбасары С.Құранбек, байқаудың демеушілері “Kundelik.kz" электронды жүйесі компаниясының директоры М.Ильясов пен "Халық банкі" АҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Е.М.Томин және қалалық, аудандық кезеңде жеңімпаз атанған (5 ауданнан) 253 оқушы мен жетекшісі, ата-анасы мен білім беретін мекемелердің басшылары мен педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында қалалық кезеңнің 12 жеңімпазы өздерінің жаттаған Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздерінен үзінді оқыды. Жүлделі орын иегерлері мен жетекшілеріне диплом мен алғыс хаттар, қаржылай сертификаттар мен гүл шоқтары табысталды.
Марапаттауға қатысқан оқушылар мен мұғалімдер сазды концертті тамашалады.
Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек келесі жылы аталған байқаудың форматына толықтырулар енгізіп, қатысушыларды кең көлемде ата-аналардың қатысуымен дәстүрлі түрде жалғасын табатындығын нақтылады.