2025 жылы 25 сәуірде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада «Ұлы дала аңыздары» тақырыбында қолөнер және бейнелеу өнері байқауы өтті. Шараға мектепішілік кезеңнен іріктелген 100-ге жуық шығармашыл оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты – Абай мұрасы мен ұлттық өнерді насихаттап, жас ұрпақтың бойында ел тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Қатысушылар Абай шығармаларына иллюстрациялар салып, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауда шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар «ДезФумекс» ЖШС демеушілігімен марапатталып, дипломдар мен номинациялар https://adisteme-shymkent.kz/ сайтында жарияланды.