АҒЫЛШЫН, ФРАНЦУЗ ЖӘНЕ НЕМІС ТІЛІ ПӘНДЕРІНЕН ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕСІ

АҒЫЛШЫН, ФРАНЦУЗ ЖӘНЕ НЕМІС ТІЛІ ПӘНДЕРІНЕН ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕСІ
2025 жылдың 21 - 25 сәуір күндері Көкшетау қаласында 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған ағылшын, француз және неміс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» РҒПО және облыстық білім басқармасы және «Ақмола дарыны» орталығы. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен 175 оқушы қатысты. Оның ішінде Шымкент қаласынан 10 оқушы қатысып, бақ сынады.
 
Шымкент қаласынан қатысқан оқушылар 2 жүлделі орын мен 1 грамотаны иеленді: ІІ орын - Курносов Егор (А. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, 10-сынып), ІІІ орын - Эрдоган Мелих Эмре (“Білім-инновация” ер boys-ға арналған №1 лицей-интернаты, 10-сынып), ГРАМОТА - Курбанов Жансерік (Finbridge International School, 11-сынып).
 
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары табысталды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!