
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Шымкент қаласынан 11 оқушы қатысып, өз білімдері мен ой-өрістерін ортаға салды.
Нәтижесінде, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Қанағат Қазыбекқызы, №62 Н.Төреқұлов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Әсем Тұрғын және №78 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Диана Еркінбек І орынға ие болды.
Сонымен қатар, №133 мектептің 11-сынып оқушысы Марал Ходжакелдиева мадақтамамен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!