Алматы қаласында өткен VII республикалық “Абайтану” олимпиадасында Шымкент қаласының намысын қорғаған 9 оқушы бақтарын сынап, жоғары нәтиже көрсетті. Республика бойынша 108 оқушы қатысқан білім додасында Шымкент қаласынан 1 оқушы ІІ орынды, 1 оқушы ІІІ орынды иеленіп, 3 оқушы мадақтамаға лайық деп танылды.
Жеңімпаздар: ІІ орын иегері – №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Мөлдір Назарбекова, ІІІ орын иегері – осы мектептің 10-сынып оқушысы Жасмина Абдашимова. Мадақтамамен марапатталғандар: А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Нұрай Тұрар, Мукуми атындағы №105 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Анеля Бегасил, “Білім-инновация” ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Мадияр Жунусов.
Барлық қатысушылар “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының арнайы сертификаттарымен марапатталды.
Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! Шәкірттеріміздің алар асуы, бағындырар биігі көп болғай!