
Ұлттық кітап күніне орай, Шымкент қаласында рухани мазмұнға толы сыр-сұхбат кеші өтті.
“Өлеңменен өмірімді мүсіндеймін” атты әдеби кездесудің құрметті қонағы – ақын, Физули сыйлығының иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ЮНЕСКО Клубы Қазақ Ұлттық Федерациясының мүшесі Құрал Көмек болды.
Іс-шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық әдебиетті дәріптеу, рухани мұраларымызды ұрпақ санасына сіңіру.
Кеш барысында “Ұлттық әдебиет – ұрпаққа аманат” тақырыбымен ақынның кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, 200-ден аса қатысушы жиналды. №49 және №79 мектеп кітапханашылары мен оқушылары ақынның «Өкініш емеспін», «Жусаныңнан айналам» секілді өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Оқушылар ақынмен еркін диалог орнатып, шығармашылық пен ұлттық рух туралы пікір алмасты. Бұл – жастардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілге деген құрметін күшейткен сәт болды. Кеш соңында қатысушылар “Дүние түріктерінің маршы” әнұранын бірге орындады.