Астана қаласында химия және биология пәндері бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған “Keruen Science” республикалық жасөспірімдер олимпиадасы ұйымдастырылды.
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың аталған пәндерге деген қызығушылығын арттыру, терең білімге ынталандыру және болашақ олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Олимпиада нәтижесінде Шымкент қаласынан қатысқан 8 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥈 II орын – Ақмаржан Әлі (OKS-Education Seitzhan School)
🥉 III орын – Раиса Ли (М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия)
Сондай-ақ, грамотамен марапатталғандар қатарында:
Алина Решетникова (№8 гимназия, М.Х. Дулати атындағы)
Айша Әлібек (OKS-Education Seitzhan School)
Айдана Абдуразах (OKS-Education Seitzhan School)
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа белестер мен асулар сіздерді күтуде. Білім мен ғылым жолындағы жетістіктеріңіз еселене берсін!