Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» қыздарға арналған №2 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Даяна Тулкунова халықаралық білім аренасында үлкен жетістікке жетті. Ол әлемнің беделді 8 жоғары оқу орны мен мектептерінен ресми шақырту алды.
Chinese University of Hong Kong (QS World #36)
Constructor University (Германия) — толық грант
SP Jain School of Global Management
Guangdong Medical University
Guangxi University of Electronic Technology (GUET)
North China University of Science and Technology
Shandong University of Technology
H-Farm International School (Италия) — толық грант
Даяна халықаралық деңгейдегі LaunchX және Lumiere Academy бағдарламаларынан грант жеңіп алып, ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, ол:
International Biology Olympiad (OCSO) финалисі
INFOMATRIX халықаралық олимпиадасының қола жүлдегері
Осындай жетістіктерінің арқасында Даяна АУЭС және АЭТУ университеттерінен де білім гранттарына ие болды.
Даяна 2025 жылы Малайзияда өтетін World Economic and Leadership Forum аясында әлемдік жас көшбасшылар қатарына арнайы шақырту алды.
«Осы жылдың басында шетелге оқуға түсу туралы шешімді кеш қабылдадым, бірақ ешқашан кеш емес екеніне көзім жетті. Қазір медицина жолын таңдадым. Арманым — елімнің игілігіне қызмет ететін білікті хирург болу. Ең бастысы — сенім мен тынымсыз еңбек бәрін жеңеді», — дейді Даяна Тулкунова.