2025 жылдың 18 сәуірде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова
2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектеп басшыларына арналған оқыту семинарын өткізді.
Басты мақсат – жай тексеруден өту емес, сапалы білімге қадам басу!
Семинарға:
• Әдістемелік орталықтың әдіскерлері
• 65 мектептен (44 мемлекеттік, 21 жекеменшік) директорлар мен орынбасарлар қатысты.
Талқыланған маңызды бағыттар:
✔ Аттестаттаудан сәтті өту стратегиясы
✔ Заңнама талаптарына сай құжаттық жүйе
✔ Өзін-өзі бағалау – формалдылық емес, шынайы көрсеткіш!
Семинар барысында нақты мысалдар, практикалық ұсыныстар мен бағыт-бағдар берілді.
Нәтижесінде:
Жауапты басшылар нақты мақсаттармен, кәсіби сенімділікпен тарасты.
Себебі:
Басшы мықты болса – мектеп биіктейді!
Ал сапалы мектеп – ел ертеңінің кепілі!