
Шымкент қаласы білім басқармасы Психологиялық қолдау орталығы ашық есік күнін үздіксіз ұйымдастырып келеді. Осы жолы орталықтың психологы А. Есқазы №145 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылар мен ата-аналарға арналған тренингтер өткізді.
Іс-шараға 15 оқушы және 15 ата-ана қатысты. Оқушыларға арналған “Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу” тақырыбындағы тренинг өз болашағын жоспарлап, тұлғалық дамуға ұмтылатын жастарға бағыт берсе, ата-аналарға арналған “Бақытты ата-ана = Бақытты бала” тақырыбы бойынша өткен кездесу отбасы құндылықтары мен ата-ана жауапкершілігінің маңыздылығына тоқталды.
Мұндай іс-шаралар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, психологиялық қолдаудың маңызын арттыра түседі.