
Бүгін Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институтының» директоры Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова ресми таныстырылым жасап, институттың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесу барысында қала педагогтерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қысқаша ақпарат ұсынылып, бірлескен жұмыстардың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ тәрбиесіне жауапты білімді, білікті ағартушы-педагогтердің жан-жақты кәсіби құзыреттілігін дамыту екені атап өтілді.
Талқыланған негізгі тақырыптар қатарында:
- педагогтердің кәсіби даму жүйесін жетілдіру,
- біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін арттыру,
- аттестатталатын педагогтердің «Ұстаз» платформасына тіркелу форматы,
- Министрлік тарапынан қабылданған жаңа заңнамалық құжаттар мен жобалар аясында сапалы білім мен тәрбие беру жолындағы серіктестік мәселелері болды.
Бұл кездесу мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру жолында маңызды қадам болды.