
2025 жылғы 10 сәуір күні Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы «Парасат» колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында студенттер арасында «Өнер мен стиль» атты қалалық байқау өтті.
Іс-шара мақсаты – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, жастардың назарын осы салаға аудару және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау.
Байқауға қатысқан талантты студенттер өз өнерлерін, шеберліктерін және заманауи киім үлгілерін ұсыну арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Нәтижесінде жеңімпаздар мен жетекшілер Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды.
Жастарды еңбекке баулу мен кәсіптік бағытта тәрбиелеу — еліміздің болашағына салынған сенімді қадам!
https://www.facebook.com/share/r/1J4X4RV8iN/