ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСІ: ШЫМКЕНТТІКТЕР ҰЛТТЫҚ ЛИГАДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСІ: ШЫМКЕНТТІКТЕР ҰЛТТЫҚ ЛИГАДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінің жас спортшылары Ұлттық мектеп лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен өткен республикалық жарыста І орынды иеленді.
 
Жеңімпаздар: Каусар Байзақ, Ерасыл Еркінбек, Ерхан Диханбай – жас спортшыларымыз бен оларды жеңіске жеткізген жаттықтырушылар Нұрлан Байзақұлы Оразбаев пен Абдуали Ғалымұлы Баймбетов.
 
Спортшыларымызды және жаттықтырушыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз еселене берсін!