Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 5 сәуір күні Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне Шымкент қаласының білім беру ұйымдарынан 200 оқушы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Нәтижесінде, олимпиаданың жеңімпаздарына жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Айтбаева Шолпан Сапарбайқызы мен «Zerdeli International School Shymkent» мектептері желісінің бас директоры Нуртазинова Жансая Серікқызы 7 оқушыға білім грантын табыстады.
Білім гранты иегерлері:
– Азат Даулетбек (№1 TALANT) – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
– Исмаил Анарбек (ZIS Shymkent) – Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
– Дінислам Жылкельдиев (Зияткер-Білім) – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
– Гүлсезім Токтамысова (Parasat AJ) – Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті;
– Бағдат Атабек (№35 М. Мәметова атындағы ЖОББМ) – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
– Нұркен Ташболта (№137 ЖОББМ) – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
– Димаш Рахманқұл (FinBridge) – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз жемісті болсын!