ХАКАТОН - 2025

ХАКАТОН - 2025
2025 жылдың 2 сәуір күні «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, өңірлік іс-шаралар мен Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталық жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК базасында ТжКББ колледж студенттерi арасында қалалық “Хакатон-2025” байқауы өтті.

Барлығы 9 колледжден 20 команда, яғни 20 жетекші, 40 білім алушы, оның ішінде:
IT үшін бизнес шешім бағыты бойынша – 7 команда
Web-технология бағыты бойынша – 7 команда
Game бағыты бойынша – 6 команда
Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі – Хакатон байқауы. Хакатон – тек жарыс алаңы ғана емес, жаңа идеялар мен креативті ойлардың тоғысатын ортасы. Мұнда білім алушылар IT, ойын жасау, веб-технологиялар және мобильдік қосымшалар салаларында өз жобаларыңызды ұсынып, білікті мамандармен пікір алмасып, тәжірибелеріңізді шыңдай аласыздар. Бұл – кәсіби дамудың, шабыт пен инновацияның алаңы!

​Байқаумыздың сараптамалық кеңес мүшелері:
- Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі информатика пәні мұғалімі Есентаев Естай Сагинтаевич
- Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің информатика кафедрасының магистр оқытушысы Шынжігіт Жасұлан Бекболатұлы;
- Шымкент HUB регионалды менеджері Козыкеев Тимур Нұржанұлы

​Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.