БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ
«Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару»
Мағжан Жұмабаев
2024 жылдың 20-сыншы тамызында Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейі базасында ШымкентқаласыАбай ауданы мектептерінің директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ» оқыту семинары ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында атап айтқан құндылықтар негізінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылатындығы,
бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, ұсынылған әлеуметтік жобалар, әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрініс табатындығы, әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтитындығы жайында ШымкентқаласыБілім басқармасы қосымша білім беру орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Гүлмайра Алимханқызы таныстырылым жасады.«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнындағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайында № 106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің ДТЖЖО Мауленова Айгүл Ыбыраимқызы толықтырып кетті. Сонымен қатар, қатысушылар берілген ақпараттар негізінде топпен жұмыс жасады.
Семинар барысында «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта ұсынылған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы нұсқаулық берілді.
 
https://www.facebook.com/100012688038795/videos/2165140533869140/