ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ: МӘДЕНИ АҒАРТУШЫ, ЭТНОГРАФ, ГЕОЛОГ, МИНЕРОЛОГ, АРХЕОЛОГ

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ: МӘДЕНИ АҒАРТУШЫ, ЭТНОГРАФ, ГЕОЛОГ, МИНЕРОЛОГ, АРХЕОЛОГ
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты бекіткен Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспары аясында 25.04.2024 жылы Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Ғұлама ғалым: мәдени ағартушы, этнограф, геолог, минеролог, археолог» атты қалалық ғылыми конференция өтті.
Аталған конференцияға білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскерлері, білім мекемелерінің басшы орынбасарлары, педагогтер жалпы 500-ге жуық адам қатысты.
Ғылыми конференция пленарлық сессия және секциялық отырыс болып екі бағытта өткізілді.
Конференция барысында Қ.Сәтбаевтың өмір жолдары мен алаш еліне қосқан үлестері туралы баяндамалар жасалып, Академиктің өмірінен қысқаша бейнефильм көрсетіліп, Шымкент қаласының тұрғындарынан Сәтбаев туралы алынған сауалнама бейнеролигі көрсетілді.
 
 
https://www.facebook.com/100012688038795/videos/454729603867309/