БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ-2024

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ-2024
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319-III Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
2024 жылдың 15-26 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарында 4 және 9 сынып оқушыларын іріктеу бойынша 84 білім алушыларының арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі-ББЖМ) жүргізіледі. Жалпы тест тапсыратын білім алушылар саны-8052, оның ішінде 4 сыныптан 4662, ал 9 сыныптан 3390 оқушы.
ББЖМ мақсаты: Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқушылардың білім сапасын бағалау.
Биылғы жылғы ББЖМ-2024 қатысатын мектептер бұрын ББЖМ-ға қатыспаған барлық күндізгі 147 мектеп қамтылады. Мемлекеттік 58 мектеп, жекеменшік 89 мектеп қатысады.
Білім алушылар оқу, математика, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығынан оқу тілінде және сауалнамалар арқылы бағаланады. Компьютермен онлайн форматта 4 сынып 154 минут (2 сағат 34 минут), 9 сынып 189 минут (3 сағат 9 минут) тапсырады.