Шымкент қаласы №2 Оқушылар сарайының журналистика үйірмесінің шәкірттері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
XLIX республикалық “Жас тілшілер” форумына қатысты. Журналистика үйірмесінің 3 бірдей талантты шәкірті республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық оқушы бақ сынаған “Журналист болғың келе ме?” ең үздік шығармалар байқауынан жүлделі орындар иеленді. Атап айтар болсақ, Көркем Батырбек “Журналист болғың келе ме?” номинация бойынша ағылшын тілінде жазған шығармасы үшін - 2 орын, Балзира Ақылбек “Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің бәйтерегі” номинациясында 2 орын, Мұрат Шералы “Ұлы жеңіске тағзым” номинациясында 3 орынға қол жеткізді.
Журналистика үйірмесі ұстаздары мен шәкірттері үшін “Жас тілшілер” форумының бәсі биік, орны айрықша. Себебі, жас журналистердің шығармашылық өсуіне үлкен дем беретін іс шара. Үйірме қатысушыларының Алматыға сапары көпке дейін ұмытылмасы анық.