ҮШ БУЫН ӨКІЛДЕРІ ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРДА БАС ҚОСТЫ

ҮШ БУЫН ӨКІЛДЕРІ ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРДА БАС ҚОСТЫ
Шымкент қаласының білім басқармасы, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесі және Ұлттық құндылықтар Академиясы Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беру мектебінде «Заманауи тәрбие әлемі. Ұлттық құндылықтар. Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында қалалық әдістемелік-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Төлебаев бастаған ардагер ағалармен бірге, ҰҚА ҚБ ШБ «Өркениет» ақпараттық әдістемелік орталығының директоры А. Коздибаева, қалалық Аналар алқасының төрайымы Г. Алтыбаева бастаған Әжелер алқасының мүшелері, ЖОО ғалымдары, білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, ата-аналар қатысты.
Бала – басты байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі демекші, еліміздің ертеңі алаңдатар бүгінгі күні үш буын өкілдері бас қосқан жиында келелі мәселелер көтеріліп, толымды пікірлер айтылды. А. Коздибаева авторлық бағдарламасымен таныстыра отырып, ұлттық құндылықтарды білім беру жүйесіне енгізудің басым бағыттарын атап өтті. Ал
№66 «Қазығұрт” жалпы орта білім беру мектебінің директоры Н. Ширтаева «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асырудағы секциялық жұмыстармен таныстырып, шығармашылық (робототехника, қолөнер) бағыттағы қуантарлық жаңалықтарымен бөлісті.