Шымкент қаласы Дарын орталығының жылдық жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі 2024 жылғы 27-29 наурыз күндері өтеді.
Байқаудың мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау 4 бағыт бойынша өтеді:
I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген». Өз өлеңін оқу.
II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»-ғылыми зерттеу жобасы.
ІІІ бағыт – «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен». Эссе.
IV бағыт – «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері». Сипаттау.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!