Алғыс айту күнінде барша ата-аналарымызды, шәкірттері ізді, ұстаздарын, зиялы қауым өкілдерін, ақындарды, өнерпаздарды және қоғамдық кеңес өкілдерін шақырып алғыс айтты. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің 3 жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетті. Ата-әжелердің ақ батасын, ел-жұрттың шынайы ризашылығын алды.
Жалпы жыл сайын Наурыз мерекесі Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде бір ай бойы тойланады. Еліміздегі дәстүрлі өнерге арналған бірден-бір мектеп болғасын біз бұл мерекенің жөн-жосығын ерекше атап өтеді. Әр сынып әр күні жеке наурыз тойын жасап, қазақтың бір салт-дәстүрін көрсетеді. Сол сыныптағы балалар мерекелік шараға түгел қатысуға міндетті. Ата-аналарын да қонақ ретінде шақырып, тек мықты балалар ғана емес, қатардағы балалар да мерекелік көңіл күйді толық сезінеді. Әрі жауапкершілік алады. Бұл өте маңызды.
Мерекелік іс-шараға қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов , қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Кәсіпкер, меценат Батырбек Кошербай , Талгат Исхахов , елімізге белгілі ұстаз Өмір Шыныбекұлы , сахна саңлағы Заттыбек Көпбосынұлы , белгілі журналист Бактияр Тайжан , Уали Кыдыров , Ғалымжан Елшібай секілді ағаларымыз т.б қатысты.
Қаратау мектебі қарыштап дами берсін.
Ұлттық өнерімен өркендей берсін. Еліміздегі дәстүрлі өнер бағытындағы әзірге жалғыз мектеп Қаратау дәстүрлі өнер мектебі.