«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
Информатикадан халықаралық XV Еуразиялық олимпиадасы. Халықаралық кезеңге 6 оқушы қатысып, 6 қола медаль, III дәрежелі дипломдар жеңіп алды.
Мамандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша 18-ші халықаралық Жәутіков олимпиадасы. «Білім-инновация» ер балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Юриков Михаил Олегович қатысып (ақпан, 2023), Астана қ. IT-университеті ректорының қола медалі мен грантын жеңіп алды.
Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы. Республикалық кезеңіне 6 оқушы жолданып, 1 алтын медаль, 2 күміс медаль жеңіп алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада. Республикалық кезеңіне 4 оқушы жолдама алып, Техникалық лицей оқушысы - Елғондин Бекнұр қола медаль мен X. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім грантын иеленді.
«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы. Республикалық кезеңге 24 жоба өтті. Бас жүлде - 3, I орын - 4, II орын - 2, III орын - 3, грамота - 5
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы. Республикалық кезеңге 59 оқушы (56 жоба) өтті. Нәтижесінде 4 алтын медаль, 7 күміс медаль, 17 қола медаль, 4 грамота, 2 білім грантын жеңіп алды.
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы. ProEco Республикалық кезеңіне 5 оқушы қатысып, I орын - 2, II орын - 1, Грамота – 1 жеңіп алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада. Республикалық кезеңіне 19 оқушы жолдама алып, күміс медаль және II дәрежелі диплом – 2 оқушы, қола медаль және II дәрежелі диплом - 14 оқушы, ерекше жетістігі үшін грамота – 3 оқушы иеленді.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы. Республикалық кезеңіне 4 мұғалім жолданып, I орын - 1, II орын - 1, III орын – 2 иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі цифрлы форматта «OES» прокторинг жүйесі арқылы 2023 жылы 20-24 қараша күндері өткізілді. Қатысушы саны: 12 217 оқушы. Аудандық кезеңге 1764 оқушы жолданды.
2023 жылы 2-12 қазан аралығында «АйСа» демалыс орнында («Біркөлік» шатқалында) «Шымкент қаласының «Дарын» орталығы» КММ жоспарға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсына дайындау оқу-жаттығу жиыны жобасы өткізілді. Оқу-жаттығу жиынына 8-11 сынып 41 оқушы қатысты. Оқу-жаттығу жиынына әрбір пән бойынша педагог- жаттықтырушылардың оқытушылар құрамы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессорлары өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 ҮЗДІК МЕКТЕП тізіміне енген мектептер:
- «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты,
- «Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты,
- Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі,
- Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы,
- №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы,
- Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернаты.