Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің педагогтерімен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қала оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты: Мектептердің 11 сынып оқушыларына 2024 жылы өтетін ҰБТ туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында Руслан Тохтарбекұлы 2023 жылғы ҰБТ қорытындыларына тоқталып, 2024 жылғы ҰБТ жаңалықтарымен бөлісті. Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Әсіресе Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер, жаңашылдықтар бар екенін білу мұғалімдерге және оқушыларға көп көмегін тигізетіні анық.
Руслан Емелбаев арнайылап еліміздің өңірлерін аралап, 2024 жылғы ҰБТ жаңашылдықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүргенін атап өтті. Осындай маңызды іс-шараны өткізуге мүмкіндік жасаған қалалық Білім басқармасының басшылығына ризашылығын білдірді
Кездесу барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау, шекті балл деңгейі, ҰБТ-ға алдағы уақытта енгізілетін өзгерістер, қойылатын талаптар, елімізде сұранысқа ие мамандықтар туралы т.б. көптеген мәселелер талқыланды. Маңызды шарада оқушылар ҰБТ туралы көкейде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды.