2023 жылдың 19-22 қараша күндері Алматы қаласында V республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтіті.
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласынан №90 дарынды балаларған арналған мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Абдихай Жанболат қатысты. Байқау қорытындысы бойынша оқушымыз жүлделі ІІІ орынға және ақшалай сыйақысына ие болды.
Оқушылардың бойында сөйлеу мәдинетін қалыптастыру, сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту мақсатында осымен бесінші рет өкізіліп отырған шараға еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардан 1 үміткерден қатысып, бақтарын сынады.
Басқарма ұжымы тарапынан жетекшісі Ходжакелдиева Роза Есенбекқызын және жеңімпаз Абдихай Жанболатты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.