Ағымдағы жылдың 20 қараша күні Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын анықтау жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысын Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева ашып, ашық әрі әділ өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Отырысқа қалалық мәслихат депутаты, қала әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі, білім беру мекемелерінің бірінші басшылары және басқарма өкілдері қатысты.
Комиссия мүшелері бірауыздан қолдап, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаевты комиссия отырысының төрағасы ретінде сайлады. Отырыс барысында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 13 мекемеге №73 жалпы орта білім беретін мектебі, Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі, Ю.Сареми атындағы №107 мектеп лицейі, №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі, №138 жалпы орта білім беретін мектебі, «Қаратау дәстүрлі өнер мектебі», «Жалпы білім беретін №3 кешкі орта мектебі», №1 «Ж.Омарова атындағы балалар саз мектебі», «№4 Сайрам балалар саз мектебі», №15 «Жадыра» бөбекжай – бақшасы, №19 «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы, «№3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі», «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшыларының лауазымдарына кандидаттарды анықтау мәселесі қарастырылды. Жоғарыда аталған білім беру мекемелеріне 36 үміткер құжаттарын өткізіп, нәтижесінде 5 мекемеге 7 үміткер әңгімелесу кезеңіне өтті.