Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспары негізінде 2023 жылдың 29 қыркүйегі күні «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бөлімінің ұйымдастыруымен гуманитарлық пән мұғалімдері арасында (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және өзбек тілі мен әдебиеті) «Тілім менің - мақтанышым!» тақырыбында фестиваль ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл-татулықтың, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру және тілдер мерекесін қорытындылау.
Білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінде 04-29.09 аралығында «Тілім менің - мақтанышым!» тақырыбында бекітілген айлық жоспар негізінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Фестивальға басқарма, орталық басшылары, әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының мұғалімдері, оқушылары қатысты.
(жалпы 800 қатысты)
Іс-шара барысында басқарма, орталық басшылары тарапынан қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңінің келгені мен мемлекеттік тілді насихаттау, құрметтеу және дамыту, этносаралық келісімді нығайту аясында құнды пікірлер ұсынылды.
Тіл үйренушінің тілдік-қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыра отырып, көптілді, көпмәдениетті жеке тұлға қалыптастыруды мақсат еткен педагогтер мен түрлі ұлт өкілдерінің балалары тілдің құдіреттілігі туралы өлең-шумақтары мен әндерді орындап, би билеп қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.