Құрметті әріптестер!
Әр жарты жыл сайын біз электрондық журналмен жұмыс жасау саласындағы жетістіктеріңіз бен күш-жігерлеріңізді қорытындылаймыз. Еліміздің барлық өңірлерінен белсенділік танытып, жұмысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген өңірлерді таңдаймыз.
Kundelik.kz жүйесіндегі Белсенділік бақылауы дерекқорынан алынған мәліметтердің негізінде, келесі аймақтардың мектептері электрондық журналдарды сапалы және уақытылы толтыру бойынша көшбасшы болып атанды:
1 - Шымкент қаласы - «Алтын белгі»
2 - Ақмола облысы, Жамбыл облысы - «Күміс белгі»
3 - Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы - «Қола белгі»
Сіздерді лайықты марапатқа ие болғандарыңыз үшін құттықтаймыз! Біз сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға жұмсайтын еңбекқорлықтарыңыз, кәсіби шеберліктеріңіз және күш-жігерлеріңіз үшін шын жүректен ризамыз. Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің заманауи білім беру жүйесін дамытудың іргелі құрамдас бөлігі болып табылады.
Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және одан әрі жемісті ынтымақтастықты күтеміз. Сіздердің тамаша нәтижелеріңіз үшін алғыс белгісі ретінде «Күнделік» компаниясы атынан құрмет марапаттары табысталатын болады.
Құрметпен және ризашылықпен, «Күнделік» ұжымы