Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін айқындау, қолдау және білімдерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылған 2-4 сынып оқушылары арасында ХVІ «Бастау» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі 2023 жылғы 9-13 маусым күндері Алматы қаласы, Ш. Смағұлов атындағы Алматы обылыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында өтті.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 тур бойынша өтті:
1 тур – «Әу, баста» (командалық есеп);
2 тур – «Асық» (командалық есеп);
3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Олимпиадасының қортынды кезеңіне Шымкент қаласынан жалпы білім беру мекемелерінен аталған олимпиаданың қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен 6 оқушыдан құрлған 2 команда республикалық кезеңіне жолданып, еліміздің әр өңірінен келген 150-ге жуық 2-4 сынып оқушылар арасында бәсекеге түсті.

Біздің жас математиктеріміз командалық есептен Шымкент қаласы ІІІ орын, жекелей есеп, математикалық бәйгеден бір – І орын, екі – ІІІ орын иеленді.
Командалық есеп:

III орын – Шымкент қаласы.
Жекелей есеп:

I орын - Тұрапбай Мұхаммедали Zerdeli International School,

III орын - Жұмабек Аяла №86 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы,

III орын - Ерзақ Інжу "Askar" зияткелік мектебі 2-сынып оқушысы ие болды.

Жас математиктерімізге болашақта биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!