Шымкент қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» КММ-нің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету» бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» тақырыбында 2023 жылғы 11 мамырда ЖШС «21 ғасыр элиталық» балабақшасы базасында мектепке дейінгі ұймды мемлекеттік аттестациядан өткізу талаптар бойынша жауапты мамандарға арналған семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңеске 32 мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты.
Семинар кеңестің мақсаты: Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарымен таныстыру, аттестация арналған құжаттарды сайтқа жүктеу жолдары, телеграмм каналда ата-ана және педагогтерге арналған сауалнама жүргізуді түсіндіру.
Семинар кеңесте «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы К.Абенова, бөлім әдіскері А.Турсунова «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың негізгі бағыттарына нақты тоқталып ашып, түсіндіу жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.