Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың ұйымдастырумен «Сапалы білім» жобасы аясында №114 «Сайрам» жоббм базасында «Оқу мен оқытудағы инновация – білім сапасын арттырудың басты жолы» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісу және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, өскелең ұрпаққа нәтижеге бағытталған сапалы білім беру арқылы жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін білім беру тәжірибесімен бөлісу.
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бөлімінің әдіскері Н.Корганбаеваның ұйымдастыруымен өткен саминар барысында "Өрлеу" кәсіби даму институты, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық дәрежедегі тренер Мусаева Махбуза Октамовна «Lesson Study мектеп тәжірибесінде» тақырыбында коучинг өтті. Бұл коучингте тренер мұғалімдерге Lesson Study арқылы білім сапасын арттыру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері Н.Ахмедова, М.Ашурметова, З.Тажиханова, Д.Адилходжаева, Д.Алакбарова, Ш.Ахматханова, У.Худайбергенова, Г.Арзикулова, Д.Атаходжаева, Л.Ташходжаев коучинг, ашық сабақтар өтті.
Семинарға қатысқан қонақтар пән мұғалімдерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын жоғары деңгейде бағалап, мектеп ұжымына өз алғыстарын айтып, шығармашылық табыстар тіледі.