БАУЫРЛАС ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫҒА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ «АЛҒЫС ХАТЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

БАУЫРЛАС ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫҒА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ «АЛҒЫС ХАТЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкенттік 13 жасар Павел Падров Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті. Мектептегі түскі асқа арналған ақшаға бала азық-түлік сатып алып, оны гуманитарлық көмек жиналатын қоймаға әкелді.

Павел орта мектептің бесінші сыныбында оқиды, көп балалы отбасында тәрбиеленеді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Павелмен және оның анасы Кристина Падровамен кездесіп, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атынан алғыс хат табыс етті.

Түркиядағы жер сілкіністерінің қайғылы салдары бірде-бір қазақстандықты бей-жай қалдырмады. Осы қиын сәттерде Қазақстанның көптеген азаматтары өз жүректерінің қоңырауына жауап беріп, түрік халқына барынша көмек көрсетті.

Бұл тұрғыда Сіздің ұлыңыздың әрекеті шынымен асыл. Павел өз жасында жанашырлық пен қолдаудың не екенін білдірді.

Сіз  ұлыңызға мейірімділік, жауаптылық және парыз сезімі сияқты құнды қасиеттерді сіңіргеніңіз үшін ризашылығыңызды білдіруге рұқсат етіңіз.

Сіз Павелді Қазақстан Республикасының нағыз патриоты ретінде тәрбиелеп отырсыздар,- делінген  Премьер-министрдің хатында.

Павел Падровқа планшет сыйға тартылды.