СЕМИНАР: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ШЫҢДАУ

СЕМИНАР:  ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ШЫҢДАУ
Педагогтердің кәсіби қажеттілігін дамыту – оның тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Педагогикалық тәжірибе- шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі іспеттес. Ол сонысымен өте құнды әрі мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді.
Жалпы, аталған семинар музыкалық пәндердің жаңаша тәсілдерін пайдалана отырып, ұстаздық шеберлікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. “Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілікті шыңдау” тақырыбындағы семинар бүгін Үшінші Мегаполистегі N3 балалар эстетикалық саз мектебінде өтті.
Айта кетейік, семинарға саз мектептерінің басшылары, фортепиано, қазақ аспаптар ансамбльінің жетекшілері, теория пән мұғалімдері қатысты. Аталған пәндер бойыншаТүркістан облысына қарасты саз мектептерінің ұстаздары қонақ ретінде қатысты. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу сатысында фортепиано, қазақ аспаптар ансамбльі, теория пәндерінен ашық сабақтар өткізіліп, шебер сыныптар көрсетілді.
Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, шебер ұстаздар тәжірибелерімен өзара кеңінен бөлісті. Аталмыш семинар жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылды. Кәсіби шеберлігін шыңдауға қатысқан барлық ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!