Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мекемелерде ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту және «Үштік одақ» жүйелі жұмыстарын жандандыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірегейі №135 жалпы орта білім беретін мектебінде «Атамның ақ батасы», «Әке көрген оқ жонар», «Мен анамның қолқанатымын» өнер байқаулары және «Толағай» отбасылық спорт сайыстары өткізілді. Аталар, әжелер, әкелер, аналар мектебін қалыптастырып, өскелең ұрпақ бойына отбасылық, адамгершілік құндылықтарды сіңіруде үлкен мәнге ие. Ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу мен салауатты өмір салтын ұстануға негізделген шараларға шәкірттер ат-аналарын жұптасып өнер көрсетті. Қай кезеңде болмасын, бақыт мекені саналатын – жанұя тәрбиесі болашақ тұлғасын іргетасын қалайтыны сөзсіз.