ХББ NIS оқушылары Парижде өткен халықаралық байқауда қола медальға ие болды

ХББ NIS оқушылары  Парижде өткен халықаралық байқауда қола медальға ие болды

IGEM синтетикалық биология бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған Халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары байқауын өткізеді. Байқауға әр елден  350-ден астам команда мен 7000 қатысушы өз жобаларын ұсынып, Париждегі Paris Expo Porte de Versailles-те синтетикалық биология дүниежүзілік көрмесіне жиналды.  Қазақстанның бірінші жоғары сынып оқушылары атынан  Шымкент қаласы ХББ NIS шәкірттерінен құралған «Shym_bil_nis» командасы қатысты.  Команда «Гендік модификацияланған бактериялардың көмегімен ПЭТ-пластикті ыдырату» тақырыбында өз жобасын қорғап шықты.

  • Бұл ғылыми зерттеуімізде арнайы ферменттердің жұмысы арқылы пластикті әлдеқайда жылдам және экологиялық таза ыдыратып, сондай-ақ қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына, соның ішінде Қазақстанның күрт континентальді жағдайына бейімделу қабілетіне сай жасадық. Бұл байқау біз үшін ең үлкен жеңіс. Жетекшімізге, жалпы мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Келесі жылы алтын медаль аламыз деген ниеттеміз, - дейді команда мүшесі Дариға Танабаева.

Байқау қорытындысы бойынша біздің команда қола медальмен марапатталды және «Best education» деп аталатын арнайы марапатына ұсынылды. Бұл еліміз үшін, мектебіміз үшін үлкен жетістік.