Шымкенттегі №74 "Айдана" бөбекжай бақшасында "Күз аруы" байқауы өтті. Мұндағы
мақсат балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мен бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Әр баланың бойындағы қасиеттерін, ойлау қабілетін, өнерін, көрсету, тапқырлық сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту жолдарын аталған байқау барысы бағалай білді.
Байқауда балауса, ару қыздарымыз өздерінің сыпайылығын, сымбаттылығын, біліктілігін және өнерлерін, жан жақтылығын жеткізе білді. Сондай'ақ, Ару қыздарымыз "Зерделі ару", "Өнерлі ару", "Білімді ару", "Өнертапқыш ару", "Сымбатты ару", "Шебер ару" номинациялары бойынша марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!