Шымкент қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 26 қазанында №1 "Білім-инновация" лицейі базасында тәжірибе алмасу мақсатында "ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ" тақырыбында оқыту семинар өтті.
«Жаратылыстану-математикалық пәндер» бөлімінің биология пәні әдіскері Сәуле Базарбаеваның ұйымдастыруымен өткен семинар барысында "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" пән мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, ұсыныстарын айтты.
Аталған шараға 150-ге жуық мектеп координаторлары мен пән мұғалімдері қатысты.
Оқыту семинарына озат нәтижелерімен бөлісіп, өз үлестерін қосқан мекеме әкімшілігіне, А.Усипбековке және Г.Арыстановаға рақмет айта отырып, оқушыларыңыз жоғары нәтижелер көрсете берсін дегіміз келеді.