
Оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, үлгілі тәртібімен танылған дарынды,талантты оқушыларды қолдау мақсатында Республикалық Балдәурен балалар оқу-сауықтыру орталығы жыл бойына жұмыс жасап келеді.

2022 жылғы жазғы маусымда Шучинск-Балдәурен орталығына барып білімділігі мен алғырлығының арқасында алға шығып, Қазақстандық жас патриоттар Академиясына қабылданып, мүшелікке енген Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектептің 9-сынып
оқушысы Жарылқады Айша Әсетқызын Шымкент Дарыны орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Үздік оқытушы атағының иегері Джеренова Раушан Омарханқызы қабылдап, құттықтау тілегін арнады.

А.Асқаров атындағы №77 мектеп директоры Аюбаева Толқын Полатбаевнаның жетекшілігімен келген жас жеткіншек дарынды аруымыз Жарылқады Айша Әсетқызын бүгінгі 12.09.2022ж туылған күнімен құттықтап, осынау айшықты да айдынды, мерекелі, мерейлі, табысты да толғамды күнде балдәурен шақтың балауса күнін қызықты өткізіп, бойына білікті білім мен тәлімді тәрбиенің дәнін егіп, өмір кемесінің желкенін жоғары ұстауына сенім білдіреміз!