Робототехника бойынша Республикалық кезеңнің жеңімпаздары

Робототехника бойынша Республикалық кезеңнің  жеңімпаздары
2022 жылдың 29-30 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионат өтті.
WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналды.
Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатынан ұлттық чемпионатқа 9 "Б" сынып оқушысы Тойлыбаев Олжас мен 8 "Ә" сынып оқушысы Қаныбек Әмина қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.
Нәтижесінде жас зияткерлер World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионаттың жүлделі І орын иегерлері атанды.
Олар Robosport санаты бойынша жарысқа түсті.
Жеңімпаздарымыз ендігі кезекте оқу жаттықтыру жиыны жазғы мектебіне қатысып, олимпиаданың халықаралық кезеңіне дайындықты бастайды. Сондай-ақ 2022 жылғы 17-19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 халықаралық кезеңіне сәттілік тілейміз!