ӨМІРІН БАЛА БАҚЫТЫНА АРНАҒАН АСПАЗ

ӨМІРІН БАЛА БАҚЫТЫНА АРНАҒАН АСПАЗ
Юсупова Надира Мирсагатовна 1964 жылы 17 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Крупская ауылынды дүниеге келді. 1979 жылы технолог-аспазшы мамандығы бойынша кәсіптік-техникалық училищені бітірді. 1984 жылдан бастап №97 «Ақмарал» бөбекжай-бақшасына аспазшы болып жұмысқа орналасты .
Аспаз мамандығының маңыздылығы - адамды өзіне тартатын қызықты жайттарымен қатар саусағынан бал тамызар шеберлігінде. Аспаз ақылдылықты, сабырлықты, парасаттылықты, адамгершілікті, серегектікті ұштастыратын мамандық. Надира Мирсагатовна осы қасиеттердің барлығы бойынан табылатын маман. Бөбекжай-бақшада көп жылдан бері балаларға дәмді тағам дайындап, балалардың денсаулығын нығайтуға, ағзасын қажетті нәрлі заттармен қуаттандыруға үлесін қосып жүрген білікті маман. Осындай қажырлы, абыройлы еңбегін ескеріп бірнеше рет облыстық, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының марапаттарын, алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар Надира Мирсагатовна адал жар, сүйікті ана, немерелеріне ақылды әже.