МАТЕМАТИКАДАН БАЛҚАН ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

МАТЕМАТИКАДАН БАЛҚАН ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Елдің ұлттық құрамасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Математикадан Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар былтырғы нәтижені жақсартты.

Жарыстар офлайн форматта өтті.

 Биыл Ларнака қаласында(Кипр) өткен олимпиадаға 16 елден 100-ге жуық оқушы қатысты. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және т.б. бар.

Сайысқа жылда 6 адамнан құралған Қазақстан құрамасы қатысады. Биыл ел намысын Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Атырау және Ақтау қалаларының оқушылары қорғады.

Сайыста балалар математикадан олимпиада тапсырмаларын өте қысқа мерзімде шешуі керек болды.

Елімізде осыған дейін "Балалар жылы" аясында дарынды оқушыларды қолдау мақсатында республика көлемінде түрлі деңгейдегі олимпиадалар өткен болатын. Автоматтандырылған процесс олимпиадаларды аудандық деңгейден республикалық дейгейге дейін барынша ашық және транспарентті өткізуге мүмкіндік берді.

Балқан олимпиадасы оқушыларымызға негізгі халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындалудың тиімді әдісі ретінде көмектесетінін атап өткіміз келеді.

Былтыр осы сайыста қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.