ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 48 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 48 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Елімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Республикалық кезең Шымкент қаласындағы U-STUDY тестілеу орталығында электронды форматта «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы негізінде өткізілді.

Олимпиада Oqylyq.kz платформасындағы прокторинг жүйесі арқылы ұйымдастырылып, оған еліміздің барлық өңірінен 2070 оқушы қатысты.

Білім бәйгесінің академиялық адалдығын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Гүлжан Турсынбекова мен Шымкент «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бижан Сәдибеков бақылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша шымкенттік 9 оқушы - І орын, 14 оқушы –ІІ орын және ІІІ орынды – 25 оқушы иеленді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі