РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «Қ. БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ» ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «Қ. БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ» ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ.
«Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ «Qabilet» бөлімінде 2022 жылғы 19-21 сәуір күндері жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының» қалалық кезеңі өткізілді.
«Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы» қалалық кезеңіне Шымкент қаласының 57 білім беру ұйымдарынан 105 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 айналым бойынша өткізілді.
1. І айналым – эссе (жазбаша);
2. ІІ айналым – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша (ауызша).
Жеңімпаздар тізімі www.daryn-shymkent.kz веб-сайтында жарияланды.
Барлық қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!