ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ (ҚАЛАЛЫҚ) КЕЗЕҢІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА  АРНАЛҒАН  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ (ҚАЛАЛЫҚ) КЕЗЕҢІ
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі 2022 жылғы 24-25 наурыз күндері жаратылыстану-математикалық бағыты, 28-29 наурыз күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерінен электонды форматта «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидасы бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, офлайн форматта Білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы базасында өткізіледі.
Бүгін, 24 наурыз күні, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден І туры өтті. Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағытындағы география, биология, физика,пәндері бойынша офлайн форматта Oqylyq.kz қашықтықтан оқыту платформасы прокторинг жүйесі арқылы өткізілді.
Олимпиаданың басты мақсаты – жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында шығармашылық қабілеттер мен танымдық іс-әрекетке қызығушылықты анықтау және дамыту, сонымен қатар ғылыми білімді насихаттау.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңіне 9-11 сынып оқушыларынан жаратылыстану-математика бағытындағы пәндері бойынша 204 оқушы тапсырды. Олимпиада Youtubе тікелей трансляциясы арқылы бейнебақылаумен бақыланды.
Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден І туры бойынша қорытындысы www.daryn-shymkent веб-сайтында жарияланады.